БҚО-да тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілуде

    1 / 7

    Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымы кезеңінде өрт және улы газдың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

    Жылыту маусымы басталғалы өңірде 435 улы газды анықтау құрылғысы орнатылды. Бүгін оның 30-ы ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ қызметкерлерінің бірлескен рейді барысында орнатылды.

    Мамандар тұрғын үйлерді аралап, жылыту және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіріп, мұржалар мен желдету жүйелерінің жай-күйін тексеруде.

    Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта 581 отбасы ерекше бақылауға алынған. Олардың үйлерін құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

    Жалпы облыс бойынша 25 мыңнан астам тұрғын үйге аралау жұмыстары жүргізіліп, 50 мыңға жуық тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар профилактикалық бейнероликтер бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, кинотеатрларда және LED-экрандарда көрсетілуде.

    ТЖД тұрғындарға жылыту құрылғыларының жарамдылығын тұрақты тексеруді, мұржаларды уақтылы тазалауды, желдету арналарының бітелуіне жол бермеуді және электр жылытқыштарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

    Өрт немесе төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары