Қоғамдық кеңесте білім беру мен ветеринария саласы қаралды

    1 / 5

    Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, өңірдегі екі маңызды саланың жұмысы талқыланды. Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Атырау облысында 2026–2027 оқу жылының ұйымдастырылуы. Осы мәселе бойынша облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов баяндама жасап, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, оқу процесін ұйымдастыру, оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету және білім беру инфрақұрылымының жай-күйі туралы ақпарат берді.

    Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері білім сапасын арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

    Отырыста сондай-ақ Атырау облысында 2025–2026 жылдарға арналған ветеринариялық бақылау және қадағалау қызметтерінің көрсетілу мәселесі қаралды. Бұл бағытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Әлібек Бахтияров баяндама жасап, өңірдегі эпизоотиялық ахуал, жануарлар ауруларының алдын алу және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

    Қоғамдық кеңес мүшелері ветеринариялық қызметтердің сапасы, жануарлар ауруларының алдын алу және бақылау шараларының тиімділігі жөнінде сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолдау туралы шешім қабылданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облыстық мәслихаты" жаңалықтары