Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

    Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы 2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 15.00-де облыс әкімдігінің 7 қатардағы мәжіліс залында VІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.

    Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

    1. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Баяндамашы: Облыс әкімінің орынбасары Ж. Бисембиев;
    2. Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі. Баяндамашы: Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Н. Қонысов;
    3. Басқа да мәселелер.

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 11.00-де облыс әкімдігі ғимаратының 7 қатардағы мәжіліс залында өтеді.

    Атырау облыстық мәслихаты

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облыстық мәслихаты" жаңалықтары