Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасы міндетін атқарушы 2026 жылғы 27 тамыз сағат 09.00-де облыс әкімдігінің 7 қатардағы мәжіліс залында VІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХIV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:
- Атырау облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
Баяндамашы:Ә.Қыстаубаева - Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
. Атырау облыстық мәслихаты








