№5, №8 округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы ХАБАР

    Атырау облыстық мәслихатыныңдепутаттарын сайлау жөніндегі

    №5, №8 округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің

    орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы

    ХАБАРЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты (бұдан әрі – мәслихат) Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №5, №8 округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы хабарлайды.

    Саяси партия округтік сайлау комиссияларының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат округтік сайлау комиссияларының мүшелерін өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 12 қазанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

    1.белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

    2.округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен, сондай-ақ жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

    3.саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4.кандидаттардың округтік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.

    Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары және кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.

    Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

    Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына ұсынылатын адам округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификаты болуға тиіс.

    Округтік сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған Атырау облыстық мәслихаты орналасқан Атырау облысының аумағында тұруға тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, округтік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Округтік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі қамтылуы тиіс.

    Қажетті құжаттардың үлгілік нұсқасы

    Округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлау бойынша ұсыныстар 2026 жылғы 12 қазанға дейін дүйсенбі–жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады. Үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

    Атырау облыстық мәслихаты

    Атырау облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы
    Каметов Бақыт Хабидоллаұлы

    Мәслихаттың орналасқан жері: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77-үй.

    Жауапты тұлға – Г.Кужагулова, 707-кабинет, қызметтік телефон: (87122) 35-45-65, электрондық пошта:AOM 2026@ mail . kz

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облыстық мәслихаты" жаңалықтары