1 / 4
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшелерімен бірлесіп, Жезқазған технология және сервис колледжіне барды.
Кездесудің мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсініктерін кеңейту және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.









