1 / 2
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібі:
1. Кәмелетке толмағандардың деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу, балалар мен жасөспірімдерді экстремистік сипаттағы материалдардан қорғау туралы.
2. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау.









