
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметі аясында «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі жобасының мүшелерімен бірлесіп, Ұлытау облысы Полиция департаментінің Қаражал қаласының полиция бөліміне барды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған құқықтық-ағартушылық сағаты өткізілді.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.









