
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Қаралатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары туралы.
2. Жезқазған қаласының автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу барысында анықталған мүдделер қақтығысы тәуекелі туралы.
3. Қаражал қаласының көше жарықтандыру желілерін жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу барысында анықталған бұзушылықтар және конкурстық комиссия мүшелерінің шешім қабылдауына әкімшілік ықпал ету жағдайы туралы.








