Жезқазған бизнес және көлік колледжіне барып, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің педагогтеріне арналған құқықтық ағарту іс-шарасын өткізді

    Жезқазған бизнес және көлік колледжіне барып, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің педагогтеріне арналған құқықтық ағарту іс-шарасын өткізді

    🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметі аясында Жезқазған бизнес және көлік колледжіне барып, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің педагогтеріне арналған құқықтық ағарту іс-шарасын өткізді.

    Кездесу барысында педагогтерге адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, білім беру саласындағы құқықтық нормалар, сондай-ақ құқық бұзылған жағдайда қолданылатын қорғау тетіктері жөнінде түсіндірілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адам құқықтары саласындағы білімдерін жетілдіру және білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары