иокомбинат гүлзарында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына қала тұрғындары, қоғамдық белсенділер, жастар және коммуналдық қызмет өкілдері қатысып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.
Қатысушылар бірлесе жұмыс істеп, гүлзар аумағын абаттандыруға және оның тазалығын сақтауға үлес қосты. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік қорытындысы бойынша:
- 150-ден астам адам тазалық жұмыстарына қатысты;
- 12 бірлік арнайы техника жұмылдырылды;
- 40 текше метр қоқыс шығарылды.
Ұйымдастырушылар сенбілікке қатысып, туған қаланың тазалығына үлес қосқан барша азаматқа алғыс білдіреді. Осындай ортақ бастамалар қаланың көркеюіне ықпал етіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыра түседі.









