Алматы қаласы Алмалы ауданының пробация және қоғамдық қауіпсіздік бөлімдерінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді. Басты мақсат — пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың жазаны өтеу шарттарын бұзу фактілерін анықтау және олардың алдын алу. Рейд барысында есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары мен тұрмыс жағдайлары тексерілді. Сотталғандармен және олардың туыстарымен қайталама әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін заңмен белгіленген жауапкершілік түсіндірілді. Тексеру қорытындысы бойынша сотталған тұлғалар тарапынан жазаны өтеу шарттарын бұзудың бірқатар фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









