1 / 4
Қарасай батыр көшесінде жайлы әрі абаттандырылған қалалық орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін бұл көшедегі жаяу жүргіншілер жолының бір бөлігі Navat мейрамханасының жазғы террасасымен шектелген болатын. Терраса алынғаннан кейін тұрғындар үшін еркін жүріп-тұруға мүмкіндік беретін жаяу жүргіншілер жолы ашылып, аумақ абаттандырылды.
Бүгінде бұл кеңістік одан әрі көгалдандырылды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында мұнда 26 қызғалдақ ағашы отырғызылды.
Қаланы көркейтіп, жасыл желекке толы қоғамдық кеңістіктерді көбейту және көшелерді әрбір тұрғын үшін жайлы әрі қолжетімді ету жұмыстарын жалғастырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









