🏆 «АЙҚАНАТ» ОЛИМПИАДАСЫ – АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАСТАР ЖОЛЫ!

    1 / 4

    🏆 «АЙҚАНАТ» ОЛИМПИАДАСЫ – АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАСТАР ЖОЛЫ!

    Бүгін ауданымызда ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында дарынды өрендерді анықтап, олардың білімге құштарлығын арттыруға және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған «Айқанат» олимпиадасының аудандық кезеңі өтуде.

    📚 Білім бәйгесіне аудан бойынша жалпы 148 оқушы тіркеліп, бүгінгі сынға 128 оқушы қатысуда.

    Бұл – жай ғана білім сайысы емес, әрбір оқушының өз мүмкіндігін сынап, білімін дәлелдеп, биік белестерге ұмтылуына жол ашатын маңызды жоба. Әсіресе, ауыл балаларының талабын ұштап, қабілетін шыңдауға, олардың үлкен арман мен жарқын болашаққа деген сенімін нығайтуға берілген зор мүмкіндік.

    Әрбір қатысушы үшін бүгінгі олимпиада – жаңа белес, жаңа тәжірибе және үлкен жетістікке бастар қадам!

    🌟Білім додасына қатысушы барша оқушыға сәттілік тілейміз! Білімдеріңізді жарқыратып көрсетіп, биік нәтижелерге қол жеткізіңіздер! Талаптарыңыз таудай, қадамдарыңыз нық болсын!🎉

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары