ТИІМДІ БАСҚАРУДАН – НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ
«Өсу векторы» жобасы аясындағы «Білім беру менеджменті: тиімді басқару – сапалы нәтиже» тақырыбындағы облыстық шараның мазмұндық бөлігі Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектепте жалғасты.
Шара қонақтары Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 80 оқушысы бір демде орындаған Қадыр ақынның «Ұлы махаббат» көркемсөз композициясын тамашалады. Одан кейін қосымша білім беру ұйымдарының жұмыстары «Дәстүрден инновацияға» тақырыбымен таныстырылды.
💡 Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің базасында «Ізденіс пен инновация: идеядан нәтижеге» жобалық көрмесі ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан жобалық жұмыстар көрермен назарына ұсынылды. Олардың қатарында:
🔹 «Түлектер – туған мектеп тірегі»;
🔹 «Құс өсірсең қаз өсір, пайдасы оның көл-көсір»;
🔹 «Жасыл әлем – жарқын болашақ»;
🔹 «Табиғатпен үндес тәрбие»;
🔹 «Жібек жолы ортағасырлық логистика жүйесі: Керуен қозғалысының алгоритмі»;
🔹 «Инстаәдебиет»;
🔹 «Neo Yurt» ақылды киіз үйі;
🔹 «Цифрлы жылыжай» жобалары.
💻 Аталған жұмыстар «Цифрлы қадам: идеядан интеллектуалды өнімге» бағыты аясында ұсынылып, цифрлық технологиялардың білім, тәрбие, кәсіпкерлік, экология, өлкетану және практикалық бағыттармен сабақтастығын көрсетті.
🏆 Сонымен қатар тақырыптық алаңдарда ауданның спорттағы жетістіктері, ұлттық дәстүр, қолөнер, біртұтас тәрбие, ата-аналар тәжірибесі және өлкетану бағытындағы жұмыстар ұсынылды. Қадыр мектебінің мұражайы да қонақтар назарына ұсынылып, ауданның білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстар біртұтас мазмұндық композиция ретінде көрініс тапты.
🎤 Семинар жұмысының пленарлық бөлімінің ашылу салтанатына Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серік Әнуарұлы Тоқмамбетов, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары мен әдістемелік орталық меңгерушілері, колледж директорлары, мектеп басшылары, ардагер ұстаздар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
🌟 Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова алғы сөз сөйлеп, білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар ауданның білім беру жүйесін дамытуға үлес қосып, нәтижелі еңбек етіп жүрген бірқатар мектеп басшылары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларды марапаттады.
📚 Пленарлық бөлімде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов «Аудандық білім беру бөлімінің атқарылған жұмыстары бойынша есебін» ұсынып, аудандық білім беру жүйесінің атқарған жұмыстары мен негізгі бағыттарына тоқталды.
Сонымен қатар білім берудің әр бағыты бойынша озық тәжірибелер де ортаға салынды.
Аудандық әдістемелік кабинет әдіскері Айсұлу Марксқызы Махсотова «Мүмкіндіктен – нәтижеге: мектепке дейінгі ұйымның жетістік формуласы» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесін таныстырса, мектеп-лицейінің директоры Гүлнұр Сабырқызы Кенесарина «Жас маман: кәсіби ортадан педагогикалық шеберлікке» тақырыбында жас педагогтің кәсіби қалыптасуындағы мектеп ортасының, басшылық қолдауының және әдістемелік сүйемелдеудің маңызына арналған тәжірибесін ұсынды.
🤖 В.Шубин атындағы орта мектептің директоры Роза Владимировна Ихсанова «Жасанды интеллект арқылы мектептегі буллингтің алдын алу: педагог тәжірибесіндегі жаңа мүмкіндіктер» тақырыбын таныстырып, білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын жаңа бағытта қолдану тәжірибесімен бөлісті.
📖 Бұл бөлімнің мазмұндық желісі ұрпақтар сабақтастығына арналды. Білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы, Сырым ауданының құрметті азаматы Гүлбақша Халиахметқызы Ерғалиева «Парасат платформасы» жобасы – ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі» тақырыбында ой бөлісті. Бұл ретте аға буынның педагогикалық тәжірибесін, өмірлік өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселесі көтерілді.
🎬 Пленарлық бөлімнің тағы бір ерекше мазмұндық жобаларының бірі – «Сырымнама: цифрлы тарих» жобасы негізінде әзірленген анимациялық фильмнің тұсаукесері болды.
🖥️ Жоба аудан тарихына қатысты деректер мен ауызша тарих үлгілерін жинақтап, оларды генеративті жасанды интеллект және анимациялық технологиялар арқылы заманауи цифрлық форматта ұсынуға бағытталған. Жоба идеясының авторы – Сырым ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов, ал тарихи деректерді заманауи цифрлық форматқа айналдырып, анимациялық фильмді әзірлеуді ауданның шығармашылық жұмыс тобы жүзеге асырды.
✨ Семинар барысында ұсынылған тәжірибелер білім берудегі дәстүр мен инновацияның, цифрлық технология мен адамдық құндылықтардың, идея мен нақты нәтиженің өзара сабақтастығын айқын көрсетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кәсіби алаң қалыптастырды.
https://www.facebook.com/share/v/1FcX5NdnV5/?mibextid=wwXIfr






