ЖАҢА МЕКТЕП – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: «ӨСУ ВЕКТОРЫ» ЖОБАСЫНЫҢ СЫРЫМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БАҒЫТЫ
2026 жылғы 18 қыркүйекте Сырым ауданында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Сырым ауданының білім беру бөлімі ұйымдастырған «Өсу векторы» жобасы аясындағы «Білім беру менеджменті: тиімді басқару – сапалы нәтиже» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – Сырым ауданының білім беру жүйесінде қалыптасқан озық тәжірибелерді, инновациялық жобалар мен цифрлық шешімдерді таныстыру, білім сапасын арттырудың заманауи бағыттарын көрсету, педагогтер мен білім беру ұйымдарының кәсіби ізденісін қолдау және нәтижелі тәжірибені тарату болды.
Семинар аясында ауданның білім беру саласындағы жүйелі жұмыстары мен даму бағыттарын көрсету, білім беру ұйымдарындағы инновациялық, әлеуметтік, экологиялық, жобалық және шығармашылық бастамаларды таныстыру, «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін көрсету, идеядан нақты өнімге дейінгі жобаларды ұсыну, ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны заманауи білім мазмұнымен сабақтастыру, білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік, кәсіпкерлік және цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған жұмыстарды дәріптеу, мектеп, қосымша білім беру ұйымдары, балабақша және кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықты көрсету көзделді.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар мен серіктестік байланыстар қалыптастыруына жағдай жасау және ауданның білім беру брендингін қалыптастыратын үздік жобаларды облыстық деңгейде таныстыру міндеттері белгіленді. Семинарға БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова бастап аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, колледж директорлары мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинардың алғашқы бағыты Құспанкөл негізгі орта мектебінен басталды. Жуырда жаңадан салынып, қолданысқа берілген мектепте семинар қонақтарын Сырым ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов қарсы алды. Құспанкөлдегі жаңа білім ордасын аралау барысында мектеп директоры Серік Еркінұлы Қадыров білім ордасының жұмысын таныстырды. Жаңа мектептің семинар бағдарламасына алғашқы нысан ретінде енгізілуі ауыл мектебінің материалдық және білім беру ортасын жаңғырту бағытын көрсетуге мүмкіндік берді.
https://www.facebook.com/share/v/19TDQFtMLD/?mibextid=wwXIfr






