«ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ҚЫЛҚАЛАМЫ»
Бейнелеу өнері менқазақ әдебиеті ұштастырған шығармашылық байқау!
Бүгін “Кітап оқитын - ұлт” ұлттық жобасын жүзеге асыру және Мұратбек Жоламановтың 60 жылдығына орай аудан мектептерінің оқушылары арасында «Ұлттық рухтың қылқаламы» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға аудан мектептерінен барлығы 31 оқушы қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен көркемдік шеберліктерін танытты.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау екі бағыт бойынша өткізілді.
Бірінші бағыт – «Шығармадан-суретке»
7–9 және 10–11 сынып оқушылары ұсынылған ақын-жазушылардың шығармаларының ішінен өздері таңдаған бір шығарманы оқып, оның мазмұны мен негізгі идеясын түсініп, шығарма желісі бойынша өз қиялымен сурет салады және шығарма не туралы салған үй жұмысын түсіндіріп берді.
Екінші бағыт – «Мұратбек әлемі» бойынша қатысушылар Мұратбек Жоламановтың шығармашылық мұрасы негізінде берілген тақырып бойынша сурет салып, суретшінің ұлттық рух пен қазақ дүниетанымын бейнелеудегі ерекшелігін өз шығармашылық жұмыстарында жеткізді.
Қорытынды бойынша төменде көрсетілген оқушылар жүлделі орындар алып, диплом және сыйлықтармен марапатталды.
7-9 сынып бойынша:
1 орын- Самархан Айзада. Жетекші:Бақытгул Мұратқызы (Аралтөбе ЖОББМ)
2 орын - Қуанышкерей Алмаз. Жетекші: Жадыра Мақсотқызы (Қ.Мырзалиев ЖББОМ)
2 орын - Мажитова Азиза. Жетекші: Кабиев Нұрболат (М.Каналиев атындағы МББК)
3 орын - Сағидоқас Исатай. Жетекші: Сапарова Рима (Көгеріс НОМ)
3 орын - Әшім Асанәлі. Жетекші: Жангалиева Дана (А.Жұмағалиев МББК)
3 орын - Жеткерген Фатима. Жетекші: Кубаев Болат (Қ.Мырзалиев ЖББОМ)
10-11 сынып бойынша:
1 орын- Мұстафа Нұршаттық. Жетекші: Бақытгул Мұратқызы
(Аралтөбе ЖОББМ)
2 орын - Салауатов Ерхан. Жетекші: Сайлан Сапаргалиев (Қ.Мырзалиев ЖББОМ)
2 орын - Смагулова Айым. Жетекші: Дулат Болатұлы (Абай МББК)
3 орын - Мадиев Аян. Жетекші: Сайлан Сапаргалиев (Қ.Мырзалиев ЖББОМ)
3 орын - Еламанова Айару. Жетекші: Кубаев Болат (Қ.Мырзалиев ЖББОМ)
3 орын - Ахмет Нұрайым. Жетекші: Жангалиева Дана (А.Жұмағалиев МББК)
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







