ПИЛОТТЫҚ ЖОБА: ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРЛЕРІ МЕН «ҰСТАЗ» ПЛАТФОРМАСЫНА ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні білім беру бөлімінің жоспарына сай, педагогтерді аттестациялаудың қолданыстағы талаптарымен таныстыру, аттестация үдерісінің кезеңдері мен шарттарын түсіндіру, аттестаттау рәсімін оңтайландыру және жетілдіру мақсатында білім беру бөлімінің акт залында «Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы» бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бекітілген бұйрыққа сәйкес жобаның негізгі компоненттері мен талаптары таныстырылып, кәсіби цифрлық бейінді бағалау критерийлері кеңінен түсіндіріліп, өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Аталған семинар пилоттық жобаның мазмұнын кеңінен түсіндіруге, өзара тәжірибе алмасуға және алдағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруға бағытталды.
Аудандық білім беру бөлімінің кадр ісі жөніндегі
А. Сисенбаева
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







