«ЕҢБЕК ПЕН МҰРА»: СЕМИНАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІГІ

    «ЕҢБЕК ПЕН МҰРА»: СЕМИНАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІГІ

    Бағдарлама бойынша семинардың келесі қорытынды бөлігі «Еңбек пен мұра» танымдық экскурсиясы ретінде жалғасты.
    Семинар қатысушылары Сырым колледжінің жұмысымен танысты. Колледждің тыныс-тіршілігі мен негізгі бағыттарын колледж директорының міндетін атқарушы Берік Махсотұлы Хабибуллин таныстырды.
    🌳 Семинардың практикалық бөлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ағаш отырғызу және «Бір мектеп – бір бақ» экологиялық жобасы аясындағы жәрмеңкемен жалғасты.
    🌱 «Бір мектеп – бір бақ» жобасы білім беру ұйымдарының аумағын көгалдандырумен қатар, оқушыларды еңбекке, табиғатты қорғауға, туған жерге жауапкершілікпен қарауға және ортақ іске белсенді атсалысуға тәрбиелеуге бағытталған.
    🤝 Жоба аясында білім мен тәрбие, экология мен еңбек, мектеп пен қоғам өзара сабақтастық тауып, нақты іске ұласты. Ағаш отырғызу, мектеп аумағын көркейту, еңбек нәтижесін ұсыну арқылы оқушылар өз білімдерін практикалық әрекетпен ұштастырды.
    🎶 Күн соңында семинар жұмысы қорытындыланып, Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің сазды композициясы ұсынылды.
    🎤Семинар соңында қатысушылар тарапынан кері байланыс беріліп, ұсынылған тәжірибелер мен мазмұнды жұмыстарға жоғары баға берілді. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары семинардың мазмұндық әрі практикалық тұрғыдан құнды тұстарын атап өтіп, өздеріне қажетті жаңа идеялар мен алған тәжірибелермен бөлісті. Әсіресе білім берудегі инновациялық жобалар, цифрлық технологияларды тиімді қолдану, тәжірибе алмасу және нақты нәтижеге бағытталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
    Семинардың қорытынды сөзінде Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова іс-шараның мазмұнына тоқталып, ауданның білім беру ұйымдары ұсынған тәжірибелердің маңызын атап өтті. Қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріп, кәсіби ізденістеріне сәттілік тіледі.
    💐 Өз кезегінде Сырым ауданының білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Әлібекұлы Жамбылов семинарға қатысқан қонақтарға, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне ризашылығын білдіріп, ауданның тәжірибесін жоғары деңгейде ұсынуға атсалысқан барлық әріптестерге алғыс айтты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде мазмұнды тәжірибе алмасу алаңы қалыптасқанын атап өтті.
    ✨ Осылайша, 18 қыркүйектегі кәсіби басқосу Құспанкөлдегі жаңа мектептен басталып, білім беру ұйымдарының жобалық және цифрлық тәжірибелерімен жалғасып, аудандық білім беру жүйесінің есебі, мектепке дейінгі тәрбие, жас мамандарды қолдау, жасанды интеллект, «Парасат платформасы», «Сырымнама» тарихи-анимациялық жобасы, балабақша, музей, колледж және «Бір мектеп – бір бақ» экологиялық бастамасына дейінгі кең ауқымды бағыттарды бір күннің бағдарламасына тоғыстырды.
    💫 Семинардың мазмұндық желісінде білім беру ұйымының бүгінгі мүмкіндігі мен ертеңгі мақсаты, идея мен нақты өнім, тарихи мұра мен цифрлық технология, кәсіби тәжірибе мен жаңа ізденіс, білім мен еңбек, табиғат пен тәрбие өзара сабақтастық тапты.
    “Өсу векторы” – тәжірибені бөлісу, жаңа идеяны қолдау және нақты нәтижеге бағытталған кәсіби дамудың ортақ алаңы.

    https://www.facebook.com/share/v/1DGrwZZxoH/?mibextid=wwXIfr

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары