ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР АЯСЫНДА ЖАҢА «ТАМАША» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ!

    ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР АЯСЫНДА ЖАҢА «ТАМАША» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ!💥

    Облыстық семинар бағдарламасындағы үшінші бөлігі — Сырым ауданындағы заманауи, зәулім, 81 орындық «Тамаша» бөбекжайының салтанатты ашылу рәсімі болды.Мемлекетіміздің «Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жеке секторды тарту жұмыстарының жарқын дәлелі болған бұл маңызды жобаның құрылтайшылары – ел болашағына үлес қосып отырған Нұрмухановтар әулеті.

    Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Серік Әнуарұлы Тоқмамбетов, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірханова, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, ардагер-ұстаздар және ауыл тұрғындары қатысты.

    Осынау зор қуанышпен құттықтап, ізгі тілектерін білдіру үшін алғашқы сөз кезегі Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серік Әнуарұлы Тоқмамбетовке, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Мұтиғоллақызы Темірхановаға және «Тамаша» бөбекжайының құрылтайшысы Аида Баянбекқызы Нурмухановаға берілді.

    🎗️Жаңа ғимараттың салтанатты лентасын Ақжарқын Мұтиғоллақызы мен құрылтайшы Аида Баянбекқызы Нурмуханова қиып, балабақша табалдырығын аттаған қонақтарға қазақы дәстүрмен шашу шашылып, ақ ұсынылды.

    Мерекелік шара барысында Гулшат Нұрболатқызы Нурмуханованың жетекшілігімен биші қыздарымыз мың бұрала қазақ биін билесе, «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндері ақын Қадыр Мырзалиевтің жыр шумақтарын нақышына келтіре оқып, жиналған қауымды тәнті етті.

    💥Семинар қонақтары мен қатысушыларын балабақша құрылтайшысы Аида Баянбекқызы Нурмуханова жаңа бөбекжайдың ішкі заманауи үлгіде жабдықталған топтарымен және материалдық-техникалық базасымен таныстырды.

    “Тамаша” бөбекжайының есігі балалардың сыңғырлаған күлкісіне толсын!🩷🌸

    https://www.facebook.com/share/v/1D8JkkWUgD/?mibextid=wwXIfr

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары