Республика күні қарсаңында құтқарушылар марапатталды

    1 / 10

    Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

    Жиында ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов құттықтау сөз сөйлеп, қызметтік міндеттерді адал атқарудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қызметкерлерге кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдірді.

    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің жеке құрам бойынша бұйрығына сәйкес Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлері Әлибек Жиенбеков пен Балауса Жақишеваға алғашқы арнайы атақ – азаматтық қорғау лейтенанты атағы берілді.

    Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары – құтқарушы Алмаз Карсыбеков, азаматтық қорғау старшиналары Әділжан Тоқсамбаев пен Данияр Туяқбаев «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

    Салтанатты жиын қызметкерлердің кәсібилігін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін бағалаудың жарқын көрінісі болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары