Мемлекеттік орман қоры аумағында 2026 жылғы өрт қаупі бар маусым аяқталуда

    Ауа райы жағдайларын ескере отырып, Қазақстан өңірлерінде 2026 жылғы өрт қаупі бар маусымның аяқталу мерзімдері белгіленді.

    10 қарашадан бастап Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Абай және Ұлытау облыстарында өрт қаупі бар маусым аяқталды.

    20 қарашадан бастап Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында өрт қаупі бар маусым аяқталады.

    Маусым аяқталғаннан кейін атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіліп, өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының жай-күйі тексеріледі. Сондай-ақ 2027 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындық басталады.

    Жекелеген өңірлерде ормандарды қорғау, орман және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында авиациялық патрульдеу жұмыстары жалғасады.

    Өрт қаупі бар маусым аяқталғанымен, ормандарды күзету және қорғау жұмыстары орман және табиғат қорғау мекемелері тарапынан тұрақты негізде жалғастырылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары