Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бөржар ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылындағы Мұхтар Әуезов жалпы білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді. Жиында «Есірткісіз болашақ», «Қауіпсіз үй», «Интернет алаяқтық» және «Жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға есірткінің зияны, интернет алаяқтардың арбауына түспеу жолдары, үйдегі қауіпсіздік талаптары және жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау әр азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









