ШҚО бойынша МКД-де 2026 жылдың 9 айындағы қызмет қорытындылары бойынша өндірістік кеңес өтті

    1 / 4

    ШҚО бойынша МКД-де 2026 жылдың 9 айындағы қызмет қорытындылары бойынша өндірістік кеңес өтті


    2026 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимагамбетовтың төрағалығымен, мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларының қатысуымен өндірістік кеңес өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – 2026 жылдың 9 айындағы қызмет қорытындыларын шығару, салықтық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелерін қарау, сондай-ақ ағымдағы жылдың қалған кезеңіне арналған басым міндеттерді айқындау болды.

    Кеңес барысында Департамент басшысының орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қызметтің негізгі бағыттары бойынша баяндамалары тыңдалды.

    Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет кіріс бөлігінің орындалуы, салық берешегін азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, қосылған құн салығы мен акциздерді әкімшілендіру, камералдық мониторинг, өндірістік емес төлемдер және жеке тұлғаларды әкімшілендіру мәселелері қаралды.

    Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік әкімшілендіру және қосылған құн салығын әкімшілендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Талқылау барысында жұмыс тиімділігін арттыру, салықтық әкімшілендіруді күшейту және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету бойынша қолда бар мүмкіндіктер қарастырылды.

    Кеңесті қорытындылай келе, Департамент басшысы Саят Бимагамбетов 2026 жылдың қалған кезеңіндегі қызметтің басым бағыттарын айқындап, бюджет кірісінің болжамды көрсеткіштерінің сапалы орындалуын қамтамасыз ету, әрбір бағыт бойынша жұмыс нәтижелілігін арттыру және қойылған міндеттердің орындалуы үшін басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту қажеттігіне баса назар аударды.

    Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары