ШҚУ-де «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» жобасы аясында алғашқы кездесу өтті

    1 / 10

    ШҚУ-де «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» жобасы аясында алғашқы кездесу өтті

    2026 жылғы 5 қазанда Шығыс Қазақстан университетінің ғимаратында «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» өңірлік жастар жобасы аясында студенттер мен волонтерлердің алғашқы кездесуі өтті.

    Іс-шараны «Қазақстандық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры» ҚҚ директоры, заң ғылымдарының докторы Қуат Рахымбердин ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады.

    Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова сөз сөйледі.

    Кездесу барысында «Салық мәдениеті мектебі», «Салықтар және жауапты азаматтық», «Салық түрлері», салықтық сауаттылық негіздері және салық мәдениетінің қоғам дамуындағы рөлі сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды.

    Сондай-ақ қатысушылар үшін шағын викторина ұйымдастырылып, студенттер өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, білімдерін тексеруге мүмкіндік алды.

    Бұл іс-шара 2026–2027 оқу жылына арналған «Салық мәдениеті: жастар және мемлекет» өңірлік жастар жобасын іске асырудағы алғашқы қадам болды.

    Жобаның мақсаты – жастардың салықтық, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, салықтық волонтерлікті дамыту және мемлекеттік

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары