2026жылғы 6 қарашада « Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ директоры С. Казыбаев және «ҚОМА» КММ « Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» филиалының басшысы М. Исимбаева Түркістан облысының мемлекеттік архивінің 100 - жылдығына орайластырылғанТүркістан қаласында өткен « Ұлттық архив қоры: 100 жылдық кезең»: тарих пен болашақтың сабақтастығы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Конференцияархив ісінің тарихын зерттеуге, тарихи-деректі мұраны сақтауға және архивтердің аймақтың тарихи жадын қалыптастырудағы рөлін анықтауға арналды .
Іс- шара аясында архив құжаттарын ғылыми зерделеудің, маңызды тарихи оқиғалар туралы құжаттық куәліктерді сақтаудың, заманауи цифрлық технологияларды енгізудің , сондай -ақ архив саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың өзекті мәселелері қаралды.
Архившілерұрпақтарының сабақтастығына, кәсіби тәжірибе алмасуға және архив ісін одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Мұндай іс- шараларға қатысу архив мекемелері арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, ынтымақтастықты кеңейтуге және озық тәжірибені практикалық қызметке енгізуге ықпал етеді .
Конференцияеліміздің тарихи жады мен деректі мұрасын сақтау ісінде кәсіби диалог, білім алмасу және архив саласының алдында тұрған өзекті міндеттерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









