Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
2026 жылғы 27 қазанда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивтің мамандары «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша акция өткізді.
Акция барысында азаматтарға архивтік құжаттарды алу мәселелері бойынша кеңестер беріліп, өтініш беру тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері және электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру жолдары түсіндірілді. Архивтік құжаттар — отбасы тарихын зерделеуге, еңбек өтілін растауға және өткеннің құнды мұрасын сақтауға мүмкіндік береді.
Біз азаматтарға қажетті архивтік ақпаратты іздеуге әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз!
Барлығы 19 адам қамтылды.








