2026 жылғы 16 қазанда Жітіқара қаласының № 10 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына кәсіпорынның 61 жылдығы мен Республика күніне орай ұйымдастырылған «Қостанай минералдары» АҚ – 60 жыл » атты фотодеректі көрмеге экскурсия өткізілді.
Ұсынылған экспонаттар арқылы Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің маманы Алтынай Есмурзина 1959-2020 жылдар арылығындағы қала құраушы кәсіпорынның құрылу, қалыптасу, даму тарихы мен қызметі туралы баяндады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігініңқалыптасу кезеңіндегі кәсіпорын тарихына, экономикалық қиындықтарды еңсеруге және өндірістің одан әрі дамуына ерекше назар аударылды.
Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып, тарихи мұранынасихаттауға, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен жетістіктеріне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.








