
2026 жылғы 29 қыркүйекте Жітіқара өңірлік мемлекеттік архиві аудандық Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, еңбек сіңірген ұстаздар Тамара Петровна Романюк пен Ольга Карловна Гачкевичтің кәсіби қызметіне арналған, «Екі тағдыр, бір жол» атты іс-шараны ұйымдастырып өткізді. Кездесуге Жітіқара қаласының бұрынғы мектеп директорлары – Роза Ильинична Тауманова мен Орункуль Валиевна Бурушпаева, Тамара Петровнаның жиені Наталья Владимировна Гурина және гимназия оқушылары шақырылды. Қонақтардың назарына архивші А. Есмурзина еңбек сіңірген ұстаздардың қызметтік жолын қамтитын баяндама, сондай-ақ олардың фотосуреттері, марапаттау құжаттары мен естеліктерін ұсынды. Іс-шара танымдық әрі жылы атмосферада өтті.








