29-30 қыркүйекте Қарағанды қаласында «Архив ісі және құжаттаманы басқару саласындағы заңнамадағы және нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер. «Е-Архив» АЖ-да жұмыс істеуге оқыту» тақырыбында семинар өтті.
Семинар шеңберінде қатысушылар архив ісін дамытудың өзекті мәселелерін, заңнамадағы өзгерістер мен «Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеудің практикалық аспектілерін қарастырды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің архив ісі саласындағы мемлекеттік саясат және бақылау басқармасының басшысы Салтанат Нұртасқызы Тащанова архив ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді.
«Е-Архив» АЖ техникалық қолдау мен сүйемелдеуді қамтамасыз ететін «Bolashak Engineering» ЖШС өкілі Алексей Сергеевич Шестак қатысушыларды жүйені одан әрі дамыту жоспарларымен және оның жұмыс істеуінің өзекті мәселелерімен таныстырды.
«Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы» ММ архив жұмысы бөлімінің басшысы Ольга Сергеевна Куйбагарова сараптамалық-тексеру комиссиясын өткізу кезінде нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану туралы баяндама жасады.
Семинар барысында Павлодар және Қарағанды облыстарының өкілдері архив ісі және «Е-Архив» АЖ пайдалану саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара тәжірибе алмасу, архив ісінің өзекті мәселелерін талқылау және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін тиімді алаңға айналды.
Қарағандыда «Е-Архив» АЖ-да архив ісі және жұмыс мәселелері бойынша өңірлік семинар өтті.
Ұқсас материалдар

АРДАҒЫ АРДАҚТЫ АРДАГЕР, ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ҚАРТТАР КҮНІ: АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
2026 жылғы 1 қазанда Жаңа жұлдыз ауылының мәдениет үйінің ғимаратында округ активінің кеңесі өтті, онда Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Т. Сәденов сайланған әкім Рахат Сабырұлы Жолдыбаевқа куәлік табыс етті.
Железин ауданының әкімдігіАшу
Алматыда музейінде Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
«Алатау» театры XI маусымда ұлттық өнерді жаңа сахналық формалармен ұсынды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
"" жаңалықтары

Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздіктері Тамара Петровна Романюк пен Ольга Карловна Гачкевичтің мерейтойлық даталарына арналған «Екі тағдыр, бір жол» кездесуі.
Ашу
«Сарыкөл құрметті азамат» тақырыптық экспозициясы
Ашу
«Архив және болашақ ұрпақ».
Ашу
«ҚОМА» КММ «Сарыкөл өңірлік мемлекеттік архиві» филиалы архив қоймасы бойынша шолу экскурсиясы өткізген.
Ашу
Тарихтағы адам
Ашу