2026 жылғы 18 қарашада Рудный қалалық мемлекеттік архивінде Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің 4-курс студенттерінің Рудный қаласының шығармашыл адамдарының жеке тектік құжаттар коллекциясының қор құрушысы, журналистер одағының мүшесі, ақын, прозаик, фотосуретші, қалалық және өңірлік шығармашылық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Буланова Татьяна Анатольевнамен кездесуі өтті.Архив басшысы Селянина Е. қатысушы студенттерге «Рудный қаласының шығармашыл адамдарының жеке тектік құжаттар коллекциясы» қорының құрылу тарихын баяндап, оның алғашқыларының бірі Т. Буланова болған қор құрушылардың шағын тізімімен таныстырды. Татьяна Анатольевна өзінің еңбек және шығармашылық жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, өлеңдерін оқыды, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушылар назарына «Рудный қаласының шығармашыл адамдарының жеке тектік құжаттар коллекциясы» қорындағы Т.А. Буланованың құжаттары негізінде әзірленген «Біздің қалада ақындар бар» атты тақырыптық фотоқұжаттық экспозиция ұсынылды. Кездесуге барлығы 25 адам қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









