«Заң мен тәртіп»: Жетісу облысында «Борышкер» атты жедел-профилактикалық акциясы өткізілуде

    1 / 2

    «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда насихаттау мақсатында Жетісу облысы прокуратурасының бастамасымен Әділет департаменті, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Борышкер» атты жедел-профилактикалық акциясы өткізілуде.
    Акцияның негізгі мақсаты – сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыру, атқарушылық құжаттар бойынша берешектерді, оның ішінде алимент төлемдерін, мемлекет кірісіне өндіріп алынуға жататын қаражаттарды уақтылы өндіру, сонымен бірге, қалыптасқан берешекті өндіріп қана қоймай, алдағы уақытта қарыздың өсуіне жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың өз міндеттемелеріне деген жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.
    Осыған орай, берешегі бар азаматтарды «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және қарыздарын уақытылы өтеуге шақырамыз.
    «Борышкер» атты акциясының бір ай уақыт аралығында жүргізілетінін ескертеміз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Әділет департаменті" жаңалықтары