Бүгін 2026 жылдың 19 қараша күні Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңестің төрағасы Н. Молдабеков төрағалық етіп, жиынға кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібіндеміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда аудандықорталық аурухана,ауданәкімдігінің ж ұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімі,Қордай аудандық мансап орталығы бойыншаатқарқарылыпжатқанжұмыстары және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес 2026 жылы Қордайауылдық округінің атқарылған жұмыстарытуралы жәнеокруг әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралымәселелері қаралды.
Алғашқы мәселе бойыншаМӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтардың әлеуметтік санаттары мен сақтандырылмау себептерін анықтау, ресми жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және заңнамада көзделген мемлекеттік қолдау тетіктерімен қамту жұмыстарын күшейту, жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлермен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыскерлер үшін МӘМС жарналарының уақытылы әрі толық аударылуын бақылау бойынша тиісті шаралар қабылдау, аудандық орталық ауруханаға МӘМС шеңберінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтумәселелеріне назар аударылды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі2026 жылы Қордайауылдық округінің атқарылған жұмыстарыжәнеокруг әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы қаралды, атап айтқанда ауылды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды өз дәрежесінде ұйымдастырылуы, осы ретте ардагерлер мен әйелдер кеңесінің жұмыстарын жандандыруды, жергілікті қоғамдастықтың құрамын жасақтау, қоғамдастықтың ережесін, іс-қағаздарын ретке келтіру және ауыл округіндегі көшелердің жарықтандыру жұмыстары және құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын сақтауы туралы атап өтілді.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан жауапты мекеме өкілдеріне бірқатар сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









