Қоғамдық кеңесте маңызды мәселелер қаралды

    1 / 3

    Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Молдабеков төрағалық етіп, жиынға кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.

    Отырыстың күн тәртібіне аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері енгізілді.

    Алғашқы мәселе бойынша аудандағы ауылдық елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. «Қордай Су» және «Ақсу Қордай» мекемелерінің осы бағыттағы қызметі қаралып, тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамту мәселесіне назар аударылды. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі мен көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің аудан бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытында атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есептері талқыланды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы қаралып, белгіленген жоспарлар мен мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері сөз болды.

    Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан жауапты мекеме өкілдеріне бірқатар сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды. Көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қордай ауданы мәслихатының аппараты" жаңалықтары