ШҚО-да полиция құны 2,7 млн теңге болатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын ашты

    Өскемен қаласында полицейлер құны 2,7 млн теңге болатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын ашты.

    Зергерлік салонның витринасынан алтын әшекейлер, оның ішінде бриллианттары бар бұйымдар қойылған тіреуіш ұрланған.

    Дүкен иесінің арызынан кейін полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті сатушының жоқтығын және витринаға еркін қол жеткізуге болатынын пайдаланып, қымбат әшекейлерді қолды еткен.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні — 25 жастағы қала тұрғынын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ұрланған әшекейлердің бір бөлігін ломбардқа өткізіп үлгерген. Қалған бұйымдар тәркіленді.

    Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Полиция бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

    Сауда нысандарының иелеріне қымбат тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, витриналарды қараусыз қалдырмау ұсынылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары