Қарағандыда полицейлер қалдықтарды белгіленбеген жерге төгу дерегін анықтады.
Оқиға 27 қазанда әкімшілік учаскені жоспарлы патрульдеу барысында анықталды. Киров полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қалдықтарды төгуге арналмаған жерде арнайы ассенизаторлық көліктің сұйық қалдықтарды төгіп жатқанын байқаған.
Тексеру нәтижесінде көлік иесі мен қалдықтарды тасымалдаушы компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар арнайы техникаға тыйым салынып, берешек толық өтелгенге дейін арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қалдықтарды белгіленбеген орындарға төгу деректерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.








