Павлодарда ҚР ІІМ-нің қоян-қолтық ұрыстан чемпионаты басталды

    Павлодар қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоян-қолтық ұрыстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірінен 26 команда қатысуда.

    Чемпионат "ARLAN" спорт кешенінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

    Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларға Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Алмаз Төкенов құттықтау сөз арнады.

    — Құрметті қатысушылар! Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионатының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл турнир — ептілік пен шеберліктің ғана емес, тәртіптің, төзімділік пен рух күшінің де айқын көрінісі. Қоян-қолтық ұрыс — қызметкерлердің кәсіби және жауынгерлік даярлығын жетілдіруге бағытталған қолданбалы спорт түрі. Оның әдіс-тәсілдерін меңгеру — абыройлы әрі қызмет барысында аса маңызды дағдылардың бірі. Баршаңызға сәттілік, әділ бәсеке мен жарқын жеңістер тілеймін! - деді Алмаз Төкенов.

    Чемпионаттың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы ІІМ өкілі Фархат Мұратұлы да қатысты.

    Жарыстың алғашқы күні спортшылар сегіз салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

    Айта кетейік, чемпионат аясындағы жекпе-жектер күн сайын сағат 09:00-де басталады. Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары жарысты тамашалап, спортшыларға қолдау көрсету үшін "ARLAN" спорт кешеніне келе алады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары