20.11.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысының Әділет департаменті басшысы Ж. Бексұлтанның төрағалығымен Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы, Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерінің қатысуымен жұмыс форматындағы дөңгелек үстел өткізілді. Кездесудің басты тақырыбы – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезіндегі бас тартулар санын азайту және әрекетсіз қоғамдық бірлестіктерді формальды түрде құрудың алдын алу. Кездесу қортындысы бойынша мемлекеттік органдар бірлесіп мынадай шешім қабылдады:
- тіркеуге құжаттарды тапсырғанға дейін азаматтар мен бастамашыл топтарға алдын ала құқықтық кеңес беру тәжірибесін енгізу;
- заңнама талаптары мен құрылтай құжаттарын дайындау тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
- тізілімді өзектендіру және облыстағы әрекетсіз заңды тұлғалардың үлесін қысқарту үшін тұрақты ведомствоаралық деректер алмасуды жолға қою. Бірлескен жұмыс халықтың құқықтық түсіндіру сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және белсенді жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерді қолдауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








