18.11.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекет пайдасына берешектерді өндіріп алуға қатысты атқарушылық құжаттардың орындалу тиімділігін арттыру және осы саладағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Іс-шараға Жетісу облысының прокуратурасы, Талдықорған қаласының прокуратурасы, Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Жетісу облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік сот орындаушылары қатысты. Отырыс барысында атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету, мемлекет пайдасына берешектерді өндіріп алу тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









