2026 жылғы 26 қарашада Рудный қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Рудный тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы әрі алғашқы директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері, Рудный қаласының Құрметті азаматы И.И. Дьячковтың 105 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған өлке патриоты» атты дөңгелек үстел отырысына қатысты. Отырысқа Рудный музейінің алғашқы қызметкерлері, қала кітапханаларының қызметкерлері, Рудный жалпы білім беретін оқу орындарының педагогтері мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қалалық архив басшысы Е.И. Селянина И.И. Дьячковтың жеке қорындағы тарихи құжаттар мен фотосуреттер туралы, Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары О.А. Осипова оның педагогикалық қызметі туралы, қоғам қайраткері Ж. Арыстан И.И. Дьячковтың өлкетану қызметі туралы баяндама жасады, сондай-ақ Рудный қаласының Құрметті азаматтары С.С. Бексеитов, А.А. Заскалько және О.М. Пигасова Иван Иванович туралы естеліктерімен бөлісті. Іс-шараның мақсаты – аға буынның жасампаз еңбегін сақтау және зерттеу тәжірибесімен алмасу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









