
⚜️1 қазан – Қарттар күніне орай Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бағдаулет Жұмабеков пен аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақытжан Бекбосынов ауданның Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, белгілі журналист әрі қаламгер Нүридин Шәмшіұлының шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
⚜️Нүридин Шәмшіұлы – ұзақ жылдар бойы ұстаздықпен қатар журналистика саласында еңбек етіп, ауданның қоғамдық және рухани өміріне өзіндік үлесін қосқан қаламгер. Аудандық баспасөзде қызмет атқарған жылдары елдің тыныс-тіршілігін, еңбек адамдарының өнегесін, білім мен мәдениет саласын және қоғамдағы өзекті мәселелерді қаламына арқау етті. 3 ұл, 2 қызды тәрбиелеп өсірген. 15 немере мен 5 шөберенің атасы.
⚜️Бүгінде «Ордабасы оттары» газетінің редакторы ретінде журналистік жолын жалғастырып, аудан өміріндегі маңызды мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттап келеді. Қаламгердің бірқатар деректі хикаяттары, әңгімелері, эсселері мен танымдық кітаптары жарық көрген.
⚜️Кездесу барысында аудан әкімі Азат Оралбаев, мәслихат төрағасы Бағдаулет Жұмабеков пен қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Бекбосынов Нүридин Шәмшіұлының елге сіңірген еңбегін атап өтіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық және шығармашылық табыс тіледі.
⚜️Нүридин Шәмшіұлы арнайы келген азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді.
⚜️Қарттар күні – елге еңбегі сіңген аға буын өкілдерін ардақтап, олардың өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ететін тағылымды мереке.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі









