Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві Республика күніне арналған іс-шара туралы

    1 / 4

    Республика күні қарсаңында 2026 жылғы 20 қазанда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінде Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің 1-курс студенттеріне арналған танымдық іс-шара өтті.

    Іс-шара барысында студенттер Республика күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелерінің тарихымен танысып, осы айтулы даталардың мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы маңызын білді. Қонақтарға еліміздің және туған өлкенің тарихи өткенін бейнелейтін фотодеректі көрме мен архивтік құжаттар ұсынылды.

    Мұндай кездесулер жас ұрпаққа Қазақстан тарихын тереңірек тануға көмектеседі, патриотизмге, тарихи мұраға құрметпен қарауға және өткенге ұқыпты көзқарас қалыптастыруға тәрбиелейді.

    Тарихты білу, есте сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу қажет!

    Барлығы 13 адам қамтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" жаңалықтары