Қызметкерлер — Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы

    Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы
    Басқарма басшысы

    Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы

    Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы

    Шығыс Қазақстан облысында 1968 жылы 23 ақпанда туған, білімі - жоғары. Педагогика ғылымдарының кандидаты, экономика және бизнес магистрі.

    Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы
    Басқарма басшысы

    Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы

    Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы

    1968 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Аманат ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі – жоғары. 1987 жылы «КСРО-ның 50 жылдығы» атындағы Өскемен педагогикалық училищесін «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында сабақ беру» мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 2015 жылы Қаржы академиясын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, экономика және бизнес магистрі.

    Бөлім

    2
    Жұмаділова Толғанай Қожабайқызы
    Бөлім басшысының м.а.

    Жұмаділова Толғанай Қожабайқызы

    Балалардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы (м.а.)

    Туған күні: 1975 жылғы 10 ақпан. Білімі: Жоғары. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін биология және психология мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолы: 1999–2005 жылдары — арнайы мектеп-интернаттар мен оңалту орталықтарында биология және химия пәндерінің мұғалімі, тәрбиеші. 2005–2009 жылдары — Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында (ҚазБСҚА) профессор ассистенті, проректордың академиялық сұрақтар жөніндегі орынбасары және деканның орынбасары қызметтерін атқарған. 2009–2023 жылдары — А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде интернат меңгерушісі, психолог және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған. 2023–2025 жылдары — мектептер мен мектеп-интернаттарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. «Сымбат» дизайн және технология колледжінде 2026 жылдың шілде айына дейін директор қызметін атқарған. 2026 жылдың шілде айынан бастап — Балалар құқықтарын қорғау басқармасының бөлім меңгерушісі. Марапаттары: «Ы. Алтынсарин» медалі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі, сондай-ақ министрлік пен әкімдіктің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарының иегері. Республикалық және шетелдік басылымдарда 25-тен астам ғылыми мақаласы жарияланған.

    Тасирова Жанна Рахимовна
    Бөлім басшысы

    Тасирова Жанна Рахимовна

    Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы

    Туған жылы: 1970 жыл, 20 қаңтар. Білімі: Жоғары. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1989–2004 жылдары: мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары қызметтерін атқарды. 2005–2014 жылдары: Алматы қаласы Білім департаментінің Жетісу аудандық білім бөлімінде бас маман болды. 2014 жылдан бастап: Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы. 2026 жылдың мамыр айынан бастап: Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасында бөлім басшысы. Марапаттары: «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері (2019 ж.).