Сізге жәрдемақы немесе зейнетақы төлемдері тағайындалды. Енді бұл қаражатты қолма-қол алудың қандай жолдары бар?
Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы екінші деңгейлі банктерде зейнетақы немесе жәрдемақы алуға арналған 20 таңбалы шоттарға аудару арқылы жүзеге асырады.
Ағымдағы шоттың банк картасына тіркелген түрін таңдау өз қалауыңыз бойынша жүзеге асырылады.
Зейнетақы мен жәрдемақыға арналған банк шоттарын мақсатқа сай пайдаланудың маңыздылығы неде?
Әлеуметтік кодекске және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға сәйкес, кейбір жекелеген жәрдемақы түрлерінен банктердің, жеке немесе заңды тұлғалардың алдындағы берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға жол берілмейді.
Осыған байланысты арнайы шотқа түскен қаражаттың жәрдемақы екені сот орындаушыларына бірден көрінеді.
Алайда зейнетақы төлемдерінен 50 пайызға дейін, ал мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан 25 пайызға дейін ұсталым жүргізілуі мүмкін екенін ескерген жөн.
Сонымен қатар
- 80 жастан асқан азаматтарға;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулық жағдайына байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;
- пошта байланысының автоматтандырылған бөлімшелері (пункттері) жоқ ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды үйіне жеткізу жүргізіледі.
Қандайда бір себептермен төлемдерді 3 немесе оданда көп ай бойы шешу мүмкіндігі болмаса немесе банк шоттыңызды ауыстырған жағдайда тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша мемлекеттік корпорация бөлімдерін ескерту қажет.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









