Қозғалысы шектеулі азаматтардың объектіге қолжетімділік талаптарының сәйкестігі туралы декларацияны келісуге өтініш беру тәртібі
1-сұрақ. Сәйкестік декларациясы дегеніміз не?
Жауап: Бұл — салынған нысанның заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға сәйкестігін растайтын ресми құжат.
2 сұрақ: Бұл тақырып неге қазір өзекті?
Жауап: Жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты құрылыс процесіне қатысушылардың жауапкершілігі күшейтіледі.
3 сұрақ: Қолжетімділік бойынша нақты не тексеріледі?
Жауап: Пандустардың, санитариялық бөлмелердің, кіреберіс топтардың, лифтілердің, тактильді көрсеткіштердің, қозғалыс жолдарының және қолжетімді ортаның басқа да элементтерінің болуы мен талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
4-сұрақ. Декларацияны келісуге өтініш қайда беріледі?
Жауап: Өтініш объектінің орналасқан жеріне сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне Е-Өтініш ақпараттық жүйесі немесе департаменттің кеңсесі арқылы белгіленген тәртіппен беріледі.
5-сұрақ. Өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?
Жауап: Өтініш беру үшін тиісті өтініш, объектінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларациясы және объектінің жобалық шешімдерін растайтын қажетті құжаттары қажет.
6-сұрақ. Өтінішті қарау тәртібі қалай жүзеге асырылады?
Жауап: Уәкілетті органның мамандары ұсынылған құжаттарды мұқият қарап, нысанның қолжетімділік талаптарына сәйкестігін бағалайды. Бағалау барысында қолжетімділік талаптарына сәйкес келмейтін кемшіліктер анықталса, объектіге жауапты тұлға оларды жою бойынша қажетті шараларды қабылдап, декларацияны келісу үшін белгіленген тәртіппен қайта өтініш бере алады.
7-сұрақ. Декларация қандай жағдайда келісіледі?
Жауап: Егер объект белгіленген қолжетімділік талаптарына сәйкес келсе және ұсынылған құжаттар дұрыс рәсімделсе, уәкілетті орган декларацияны келісу туралы шешім қабылдайды.
8-сұрақ. Декларацияны келісудің негізгі мақсаты қандай?
Жауап: Декларацияны келісудің негізгі мақсаты — мүгедектігі бар адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтардың қоғамдық ғимараттарға, әлеуметтік нысандарға және басқа да объектілерге қауіпсіз әрі кедергісіз кіруіне жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өміріне тең дәрежеде қатысуына мүмкіндік беру.









