Отбасы мен балаларға қамқорлық жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты
Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың айырмашылығы қандай?
Мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін төлемдерді жәрдемақы ал әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдерді әлеуметтік төлем деп атаймыз.
Айырмашылығы: әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жасалған әлеуметтік аударымдарының мөлшеріне байланысты айқындалады.
Ал, жәрдемақылар алушының санатына қарай анықталып, Әлеуметтік Кодексте бекітілген мөлшерде төленеді.
Әлеуметтік төлемдердің неше түрі бар?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 5 түрлі әлеуметтік төлем қарастырылған. Олар:
1) Жүктілікке және босануға, байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
2) Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем;
3) Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
4) Еңбекке қабілеттіліктен айырылу;
5) Асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер.
Балалы адамдар мен отбасыларға республикалық бюджет қаражаты есебінен қандай жәрдемақылар төленеді?
1) Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
2) Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
3) Көп балалы отбасыларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









