Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері жария талқыланды

    2026 жылғы 5 қарашада Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.

    Іс-шараға Басқарма басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

    Талқылау барысында жұмыс тобы жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындылары жан-жақты қаралды. Басқарма қызметінің негізгі бағыттарын, әкімшілік рәсімдерді, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторларды зерделеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қатысушыларға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою мен барынша азайтуға бағытталған жұмыс тобының ұсынымдары таныстырылды. Атап айтқанда, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен есептілігін арттыру, ішкі жұмыс процестерін жетілдіру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ лауазымдық міндеттердің орындалуын бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

    Ашық талқылау барысында қатысушылар ұсынылған талдау нәтижелері бойынша пікір алмасып, ұсынымдарды іске асырудың практикалық шараларын қарастырды және Басқарма қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныстар енгізді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша талдау нәтижелері мен ұсынылған ұсынымдар мақұлданды. Оларды іске асыру ішкі жұмыс тиімділігін арттыруға, мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тетіктерін нығайтуға мүмкіндік береді.

    Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары