Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру, әлеуметтік әріптестік арқылы ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
2026 жылдың 1-шілдесіне «Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша есебі
Жамбыл облысына 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін 19 069 отбасынан құралған 64 635 адамға қандас мәртебесі берілді. 2026 жылдың 1 шілдеге 543 отбасынан тұратын 978 адамға қандас мәртебесі берілді. Келген Республикалары бойынша келесідей: Өзбекстан Республикасы – 421 отбасы / 776 адам, Қырғызстан Республикасы – 55 отбасы / 73 адам, Түрікменстан Республикасы – 42 отбасы / 87 адам, Ресей Республикасы – 1 отбасы / 1 адам, Тәжікстан Республикасы – 20 отбасы / 37 адам, Қытай Халық Республикасы – 4 отбасы / 4 адам. Қала/аудан бөлінісінде келесідей: Тараз қаласы – 115 отбасы / 198 адам, Байзақ ауданы – 184 отбасы / 329 адам, Жамбыл ауданы – 36 отбасы / 67 адам, Жуалы ауданы – 15 отбасы / 29 адам, Қордай ауданы – 119 отбасы / 198 адам, Меркі ауданы – 31 отбасы / 67 адам, Талас ауданы – 26 отбасы / 72 адам, Рысқұлов ауданы – 14 отбасы / 15 адам, Мойынқұм ауданы – 2 отбасы / 2 адам, Шу ауданы – 1 отбасы / 1 адам 2026 жылдың 1 шілдеге67 отбасынан тұратын 83 адамға қандас мәртебесі ұзартылды. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің №60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің №47 бірлескен бұйрығының 9-тармағына сәйкес, «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрық 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады. Осы күннен кейін пилоттық жобаның қолданылу мерзімі аяқталады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 17 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысына сәйкес Жамбыл облысы қандастарды қабылдау өңірлерінің тізбесінен шығарылды. Осыған байланысты Жамбыл облысының аумағында қабылдау өңірлеріне қатысты көзделген жеңілдіктер мен қолдау шаралары қолданылмайды және өңірде қоныстандыруға байланысты мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмейді.
2026 жылдың 1-шілдесіне шетелдік мамандарды тарту бойынша есебі
2026 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Жамбыл облысына шетел жұмыс күшін тартуға1190 квотасы бекітілді, оның ішінде 1 санат бойынша-24 адам, 2 санат бойынша-96 адам, 3 санат бойынша-438 адам, 4 санат бойынша-570 адам, маусымдық жұмыскерлер- 62 адам. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша (2025 жылдан өтпелілерді қоса алғанда)облыста 44 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 1341 шетел азаматы еңбек етуде. Олардың басым бөлігі (Қытай Халық Республикасынан – 1171, Түркиядан – 45, Өзбекстаннан – 21, Украинадан – 3, Франциядан – 4, Үндістаннан – 2, Корея Республикасынан – 1, Мысырдан – 3, Тәжікстаннан –1, Сириядан – 1, Жапониядан – 9, Таиландтан –9, Кирибатиден – 1 адам, Индонезиядан- 2 адам), оның ішінде 1- санат бойынша-7 адам, 2-санат бойынша – 38 адам, 3-санат бойынша – 322 адам, 4 санат бойынша- 550 адам, маусымдық жұмысшылар- 4 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде- 420 адам (квотаға кірмейді). Басқарма тарапынан берілген 921 (квота) рұқсат үшін Жұмыс берушілермен ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 675,6 млн. теңге салық төленген. Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.