2026 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Жамбыл облысына шетел жұмыс күшін тартуға 1190 квотасы бекітілді, оның ішінде 1 санат бойынша-24 адам, 2 санат бойынша-96 адам, 3 санат бойынша-438 адам, 4 санат бойынша-570 адам, маусымдық жұмыскерлер- 62 адам.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ( 2025 жылдан өтпелілерді қоса алғанда) облыста 44 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 1341 шетел азаматы еңбек етуде.
Олардың басым бөлігі ( Қытай Халық Республикасынан – 1171, Түркиядан – 45, Өзбекстаннан – 21, Украинадан – 3, Франциядан – 4, Үндістаннан – 2, Корея Республикасынан – 1, Мысырдан – 3, Тәжікстаннан –1, Сириядан – 1, Жапониядан – 9, Таиландтан –9, Кирибатиден – 1 адам, Индонезиядан- 2 адам), оның ішінде 1- санат бойынша-7 адам, 2-санат бойынша – 38 адам, 3-санат бойынша – 322 адам, 4 санат бойынша- 550 адам, маусымдық жұмысшылар- 4 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде- 420 адам ( квотаға кірмейді).
Басқарма тарапынан берілген 921 (квота) рұқсат үшін Жұмыс берушілермен ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 675,6 млн. теңге салық төленген.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.