2026 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан Жамбыл облысына шетел жұмыс күшін тартуға 1190 квотасы бекітілді, оның ішінде 1 санат бойынша-24 адам,2 санат бойынша-96 адам,3 санат бойынша-438 адам,4 санат бойынша-570 адам,маусымдық жұмыскерлер- 62 адам.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша (2025 жылдан өтпелілерді қоса алғанда)облыста 49 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 1386 шетел азаматы еңбек етуде.
Олардың басым бөлігі(Қытайдан – 1 280, Түркиядан – 43,Өзбекстаннан – 17, Украинадан – 2, Франциядан– 5, Жапония – 9, Үндістаннан – 2, Мысырдан – 2 адам, Тәжікстаннан- 2 адам, Тайландтан -9, Әзірбайжаннан-1, Андорродан-1 адам, Иорданиядан-1 адам, Ирактан-1 адам,Ираннан-4 адам, Кирибатидан-4 адам,Перудан-2 адам, Филипинидан – 1 адам), оның ішінде1-санат бойынша –7 адам, 2-санат бойынша –42 адам, 3-санат бойынша – 285 адам, 4 санат бойынша – 587 адам, маусымдық жұмысшылар – 8 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 457 адам (квотаға кірмейді).
Басқарма тарапынан берілген 929 (квота) рұқсат үшін Жұмыс берушілермен ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 721,3 млн. теңге салық төленген.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, инженер-механик, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.